Этна жанартауы атқылады

Италияның Сицилия аралындағы Этна тауы кеше түнде атқылады.

2024367
Этна жанартауы атқылады

Италия билігі атқылаудың «алдын ала ескерту» деген мағынаға келгенін және жанартау туралы ескерту деңгейінің бір сатыға көтерілгенін жариялады.

Атқылаудың артынан Сицилия аймағындағы Катания әуежайында ұшулар уақытша тоқтатылды.

Италияның «ANSA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Катания әуежайының жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін барлық рейстерге жабылды.

Сонымен қатар Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) да Этна жанартауының атқылауына байланысты бүгін Катания қаласына жасауды жоспарлаған рейстерін уақытша тоқтатты.

ТӘЖ Баспасөз қызметінің тақырыппен байланысты мәлімдемесіне қарағанда бүгін TK1395 және TK1396 рейс нөмірлерімен орындалуы жоспарланған ТӘЖ Стамбул-Катания-Стамбул рейстері уақытша тоқтатылды.

ТӘЖ осы рейстерді пайдаланатын жолаушылардың қиналмауы үшін бүгін TK6880 және TK6881 нөмірлерімен қосымша Стамбул-Палермо рейстерін жоспарлады.



Ұқсас жаңалықтар