Айға ғарыш кемесін ұшырды

«Луна-25» Айда су көздерін зерттейді.

2023406
Айға ғарыш кемесін ұшырды

Ресей 1976 жылдан бері алғаш рет су көзін іздеу үшін Айға ғарыш кемесін жіберді.

Ресей Федералдық ғарыш агенттігі (Роскосмос) ел астанасы Мәскеуден 5500 шақырым шығыстағы «Восточный» ғарыш айлағынан «Луна-25» ғарыш кемесі бар «Союз 2.1в» зымыран тасығышын ұшырды.

«Луна-25» сәтті ұшырылғаннан кейін ұшу орбитасына шықты. Ғарыш кемесі 21 тамызда Айдың оңтүстік полюсіне қонады деп жоспарлануда.

«Луна-25» Айда шамамен 1 жыл су көздерін іздеу миссиясын атқарады. Сонымен бірге ғарыштық сәулелер мен электромагниттік сәулелердің Ай бетіне әсерін зерттейді.

Роскосмос»» президенті Юрий Борисов «Луна-25-тің» Айға бейбіт мақсатта жіберілгенін және олар 2027, 2028 және 2030 жылдары да Айға ғарыш аппараттарын жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар