Украинадағы бейбіт адамдарға жасалған шабуылдар БҰҰ-н мазалауда

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдеме жасады.

2022266
Украинадағы бейбіт адамдарға жасалған шабуылдар БҰҰ-н мазалауда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресейдің Украинаның Донецк аймағындағы кейбір тұрғын үйлер мен басқа да әскери емес нысандарға шабуылдау арқылы көптеген бейбіт тұрғынның қаза табуына себеп боғанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз мәслихатында журналистер қойған сұрақтарға жауап қайтарды.

Хак БҰҰ Гуманитарлық координаторы Денис Браунның Донецкте көптеген бейбіт тұрғынның қазасы мен жараланғанын атап Ресей шабуылдарына қатты алаңдағанын білдірді.

Баспасөз хатшысының орынбасары «Бірнеше минут ішінде бір жерде екі соққы жасалуы, араларында аман қалғандарға көмектесу үшін оқиға орнына барған Украина Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушыларының болуы көптеген өлім мен жарақаттарға әкелді.

Соңғы оқиғаның бұрын «халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғаны» үшін тергеу ашылуға тиісті басқа шабуылдар тізіміне қосылғанын атап көрсеткен Хак гуманитарлық көмек ұйымдарының аталған аймақта гуманитарлық жәрждем жұмыстарының жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

Алдыңғы күні Ресейдің Украинаның Донецк аймағындағы Покровск қаласына жасаған зымыран шабуылынан 7 адам қаза тауып, 81 адам жарақат алған болатын.

40 минут аралықпен атылған екі зымыран қонақүйлер, кафелер, дүкендер және қоғамдық ғимараттарды зақымдады.

Ресей Қорғаныс министрлігі болса Покровсктегі шабуылдың Украина армиясы пайдаланған аймақты нысанаға алғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар