АҚШ-тан Түркияға мақтау

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер мәлімдеме жасады.

2022139
АҚШ-тан Түркияға мақтау

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркияның Қаратеңіз астық келісіміне қайта оралу үшін Ресейге қысым жасағанына ризашылығын білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер өткізген баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путиннің тамыз айында Түркияға сапары туралы қойылған бір сұраққа «Түркияның Ресейді Қаратеңіздегі астық бастамасына қайта қосылуға мәжбүрлеу үдерісіндегі рөліне ризамыз, сапар туралы бағалау жасамайын» деп жауап қайтарды.

Миллер Түркияның астық бастамасындағы рөлі туралы «Түрік лауазымдылар бұл бастама бойынша келісімге келуге көмектесті. Олар бастаманы жалғастыруда Ресейді көндіру тақырыбында өте жасампаз ұстаным ортаға қойды» деді.

Министрлік мәлімдемешісі Түркияның астық келісімінің жалғасуында «жасампаз рөлін» жалғастыруын тілейтінін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен аптада Ресей президенті Путиннің Түркияға жоспарлаған сапары туралы қойылған бір сұраққа «Күні әлі белгісіз. Бірақ Сыртқы істер министріміз, барлау ұйымы басшымыз байланыста. Бұл кездесу аясында сапар тамыз айында жүзеге асады деп ойлаймын» деген болатын.

2022 жылдың 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының әлемдік азық-түлік бағасына әсерін азайту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Ресей, Түркия және Украина 2022 жылы 22 шілдеде Стамбулда өткен рәсімде «Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімге» қол қойды.

Ресей Президентінің Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 17 шілде күні мерзімі аяқталған келісімге қатысты «Астық дәлізі туралы келісім іс жүзінде аяқталды, тоқтатылды. Тиісті шарттар орындалса, Ресей бірден астық келісіміне оралады. Келісімнің Ресейге қатысты бөлігі орындалмады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар