АҚШ кемелеріне Ираннан наразылық

Иран АҚШ-тың сауда кемелерін қорғау мақсатты аймаққа әскер жолдауына наразылық білдірді.

2021301
АҚШ кемелеріне Ираннан наразылық

Америка Құрама Штаттарының 3 мыңнан астам әскерден тұратын 26-шы Теңіз жорық жасағы Таяу Шығысқа жетті.

АҚШ Теңіз күштері қолбасшылығы 10 шілде күні Вирджиния штатынан жолға шыққан «USS Bataan» амфибиялық кемесі, "USS Cartel Hall" атты кеме және шамамен 3 мың әскерден тұратын 26-шы Теңіз жорық жасағының 6 тамыз күні Қызылтеңізге жеткенін хабарлады.

Мәлімдемеде жаңа келген әскер мен кемелер арқылы аймақтағы АҚШ 5-ші флотының қабілеттері арттырылатыны айтылды.

 Аталмыш қадам Иранның Парсы шығанағында сауда кемелеріне килігуінен кейін келген болатын. АҚШ Иранның шілде айының басында екі мұнай танкерін тартып алуға тырысқанын және бір кемеге оқ атқанын хабарлаған еді.

Иран АҚШ-тың сауда кемелерін қорғау мақсатты аймаққа әскер жолдауына наразылық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насыр Кенани Тегеранда баспасөз брифингін ұйымдастырып,  Парсы шығанағы мен Омман теңізінде қауіпсіздіктің Иранның басымдықтарының бірі екенін айтты. Ол аймақта қауіпсіздіктің шығанаққа жағалауы бар елдер арасында біріккен серіктестік шеңберінде қамдалуы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар