Визаға шектеу келтірді

Венгрия азаматтарына енгізілген жаңа саяхат шектеулері туралы мәлімдеме жасалды.

2018974
Визаға шектеу келтірді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Венгрия азаматтарының визасыз жүруіне шектеу қойды.

Венгриядағы АҚШ елшілігі Венгрия азаматтарына енгізілген жаңа саяхат шектеулері туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде АҚШ-тың соңғы 9 жылда Венгрия азаматтығын алған шамамен 1 миллион шетелдік адамның «жеке басын куәландыратыны туралы алаңдаушылыққа» байланысты елге бизнес немесе туристік мақсатта 90 күнге дейін визасыз кіруге мүмкіндік беретін бағдарламасына өзгерістер енгізгені» хабарланды.

Венгр азаматтарының «саяхатты мақұлдау электронды жүйесі «аясындағы сапарларының жарамдылық мерзімі 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Осы аяда АҚШ-қа кірулер әрбір жолаушы үшін «бір реттік кірумен» шектелді.

Мәлімдемеде бұл шешімнің себебі ретінде «қауіпсіздік алаңдаушылықтары» атап көрсетілді.  АҚШ бұл шешімге жол бермеу үшін көп күш салған, ал  Венгрия әкімшілігі бұл алаңдаушылықтарды ескермеген.

2011 жылы Венгрия үкіметі Венгрияда тұрмаса немесе тұруға ниеті болмаса да, «венгриялықпын» деп мәлімдегендерге «жеңілдетілген азаматтық алу» процедурасын қолдана бастаған еді.

Көрші елдерде, атап айтқанда Румыния, Сербия және Украинада тұратын жүздеген мың этникалық венгрге осы процедура арқылы Венгрия азаматтығы берілді.



Ұқсас жаңалықтар