Халықаралық қоғамнан көмек сұрады

Нигер премьер-министрі халықаралық көмек шақырды.

2019065
Халықаралық қоғамнан көмек сұрады

Нигер премьер-министрі Оухоумуду Махамаду өз еліндегі путчистерге қарсы халықаралық көмек шақырды.

Махамаду баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Батыс Африкадағы демократияны қорғау қажеттігін баса айтып, төңкеріс жасаушыларға қарсы халықаралық қоғамнан көмек сұрады.

Халықаралық жиналысқа қатысу үшін Италияға барғанын және төңкеріс жасаушылардың шекараны жапқандықтан еліне қайта алмағанын айтқан Махамаду Францияда екенін айтты. Махамаду төңкеріске қатысты "Бұл - апат. Себебі Нигер – сезімтал. Елде 4 миллион адам азық-түлік дағдарысында,  300 мың босқын бар" деді.

Мали, Буркина-Фасо және Гвинеядағы 2020 жылдан бергі төңкерістерді еске салған Махамаду Нигердегі төңкеріс мойындалған жағдайда Батыс Африкадағы демократияға толығымен қауіп төнетінін баса айтты. Махамаду "Бұл ECOWAS (Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы) елдерінің аман қалу мәселесі және халықаралық қауымдастық үшін сенімділік мәселесі болмақ. Нигер демократиялық мемлекет болып қалуы керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар