Дюжаррик: "Түркиядан Сирияға 170-ке жуық жәрдем қызметі жүзеге асырылды"

БҰҰ Бас хатшысы Стефан Дюжаррик Сирияға гуманитарлық жәрдемдер туралы мәлімдеді.

2016714
Дюжаррик: "Түркиядан Сирияға 170-ке жуық жәрдем қызметі жүзеге асырылды"

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкінісінен бері Сирияның солтүстік батысына 170-ке жуық шекара аралық гуманитарлық жәрдем қызметінің жүзеге асырылғанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Сирияға гуманитарлық жәрдемдер туралы ақпарат берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі (OCHA) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) кеше Өнжүпынар (Баб әл-Салам) шекара қақпасынан екі тұрақты қызметтің орындағанын атап көрсеткен Дюжаррик балалар ауруханасы мен әртүрлі денсаулық сақтау орталықтарына техникалық материалдар жеткізілгенін атап өтті.

Дюжаррик «БҰҰ ақпан айындағы жер сілкіністерінен бері Түркияның оңтүстігінен Сирияның солтүстік батысына дейін 170-ке жуық шекаралық қызметті орындады» деді.

Алдағы күндері Өнжүпынар арқылы қосымша қызметкер мен жүк көліктерін жұмылдыруды жоспарлағанын білдірген Дюжаррик БҰҰ-ның аймақтағы қызметі мен ұстанымы жөнінде Сирия әкімшілігімен байланыстардың жалғасатынын айтты.

Сирия әкімшілігінің БҰҰ гуманитарлық жәрдем мекемелеріне  6 ақпан күнгі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға жеткізу мақсатты Түркиямен шекаралық өту пункттері Өнджупынар (Баб әл-Салам) және Чобанбей (Әл-Рай) шекара қақпаларын 2023 жылдың 13 тамыз күніне дейін пайдалануға рұқсат етілгені жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар