Данияда Құранға бағытталған шабуылдар жалғасуда

Түркия шабуылдарды қатаң түрде айыптады.

2016118
Данияда Құранға бағытталған шабуылдар жалғасуда

Ислам дұшпаны және нәсілшіл «Даниялық Отан сүйгіштер» атты топ бас қала Копенгагендегі Түркия мен Мысырдың Даниядағы елшіліктері алдында Құран кітапқа шабуыл жасады.

Түркия шабуылдарды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдемеде «Қасиетті кітабымыз Құранды нысанаға алған опасыз шабуылдарды барынша қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Дания билігінің бұл шабуылдарға табанды түрде келісім беруі және осы арандатушыларды қорғауы олардың оқиғалардың салдарының ауырлығын көре алмағанын көрсеткеніне назар аударылған мәлімдемеде «Мұндай опасыз шабуылдар миллиардтаған мұсылмандарды ренжітіп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тыныштық пен бірге өмір сүру мәдениетіне де зиянын тигізеді. Дания билігі бұл өшпенділік қылмысының қайталанбауы үшін қажетті шараларды қабылдауы керек» делінді.

Әділет министрі Йылмаз Тунч болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Бостандық сылтауын жамылып, демократия шаңырағы астында үнсіз қарап отырылған осы опасыз шабуылдар тек Ислам әлемінің емес, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен тыныштығын нысанаға алуда» деді.

Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик болса Твиттер аккаунтынан «Қасиетті кітабымыз Құранға жасалып жатқан шабуылдар – қарғыстық, жексұрын әрекеттер. Бұл өшпенділік әрекеттері үшін Дания билігі жауапты. Дания билігі адамгершілікке жатпайтын осы іс-әрекеттерге рұқсат береді» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарға бағытталған зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жиналды.

Бас ассамблеяда Мароккодан ұсыныс келді. Қабылданған қарармен діни наным-сеніміне байланысты адамдарға, қасиетті кітаптарға және діни орындарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері халықаралық құқықты бұзу деп танылды.

Ислам ынтымақтастық ұйымы да қасиетті Құранға құрметсіздікке байланысты дүйсенбі күні Швеция мен Данияда кезектен тыс жиын өткізуге шешім қабылдады.

Швеция болса «Құран кітапқа жасалған құрметтемеушіліктің қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз» деген мәлімдеме жасады.

Шабуылдарды «опасыздық» деп атаған Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем швед заңдарын қоғамдық тәртіпті қорғау үшін бейімдеу мүмкіндігін талқылау үшін бастама көтергендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар