АҚШ Украинаға жаңа көмек пакетін жолдайды

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері АҚШ Украинаға 41 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсетті.

2015801
АҚШ Украинаға жаңа көмек пакетін жолдайды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Украинаға қосымша 400 миллион долларлық әскери көмек жіберетіні хабарланды.

Америкалық баспасөзге мәлімет берген АҚШ лауазымдылары көмек пакетінде Жоғары өнімді зеңбірекші зымыран жүйесі, Ұлттық жетілдірілген құрлықтан әуеге зымыран жүйесі, «Hornet» ұшқышсыз әуе көліктері және бірқатар әскери оқ-дәрілер болуы күтілетінін мәлімдеді.

Аты-жөнін білдіргісі келмеген лауазымдылар қосымша көмек пакетінің шамамен 400 миллион доллар екенін хабарлады.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері АҚШ Украинаға 41 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсетті.

Соңғы рет 19 шілдеде АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон Украинаның соғыс алаңындағы қажеттіліктерін қолдау үшін 1.3 миллиард долларлық жаңа әскери көмек пакетін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар