Грекияның Керкира аралында орман өрті шықты

Солтүстік Керкира мэрі Джоргос Махимарис орман өрті туралы мәлімдеме жасады.

2015114
Грекияның Керкира аралында орман өрті шықты

Өрт сөндіру басқармасы жасаған мәлімдемеде кешкі уақытта басталған өрт себепті 12 елді мекеннің эвакуацияланғаны атап көрсетілді.

Хабарда өрттен зардап шеккен аймақтардағы туристердің Касиопи ауылына жеткізілгені атап өтілді.

Солтүстік Керкира мэрі Джоргос Махимарис Грекия мемлекеттік ақпарат агенттігі «AMNA»-ға жасаған мәлімдемесінде «Күрделі жағдай, өрт Мегулас ауданындағы алғашқы үйлерге дейін жетті» деді.

Еінші жағынан кеше кешкісін Пелопоннестің солтүстігіндегі Эгио қаласы маңында шыққан орман өртіне байланысты кейбір елді мекендердің сақтық мақсатында эвакуацияланғаны хабарланды.

Лауазымдылар Грекия бойынша 82 орман өрті шыққанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар