ИЫҰ Стокгольмде қайталанған Құран кітапты қорлау әрекетін айыптады
ИЫҰ Швециядағы Ирак елшілігі алдында Құранның аяққа тапталуына наразылық білдірді.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Ирактың Швециядағы елшілігі алдында Құранның аяққа тапталуына наразылық білдірді.
ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха арандатушы әрекетті айыптап, осы опасыз әрекеттің ауыр нәтижелеріне қарамастан Швеция билігінің мұндай әрекеттерге жол беріп отырғанына қатты өкініш білдірді.
Мәлімдемеде ИЫҰ Атқару кеңесінің 2 шілде күні өткен кезектен тыс отырысының жабылу декларациясында орын алған және «мұндай арандатушы әрекеттердің Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық конвенциясының 19 және 20-баптарының рухына қайшы екені және сөз бостандығын сылтауратып ешбір жағдайда ақтала алмайтыны» атап көрсетілді.
Мәлімдемеде сондай-ақ Швеция билігі «мұндай қауіпті арандатушылық әрекеттердің қайталанбауы үшін экстремистік топтар мен жеке тұлғаларға жол бермеуге» шақырылды.
Швецияда бұрын да Құранды өртеген ирактық Салван Момика кеше Швециядағы Ирак елшілігі алдында Құран мен Ирак туын аяғының астына алып, Ислам дінін сөзбен қорлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек беруде
Жаңа Зеландия бұған дейін Газада атысты дереу тоқтатуға шақырған болатын.