Йемен: Хоуситтермен бейбітшілік әрекеті тығырыққа тірелді

Йемен Келіссөз комиссиясы төрағасы Мұхаммед әл-Гайси мәлімдеме жасады.

2013426
Йемен: Хоуситтермен бейбітшілік әрекеті тығырыққа тірелді

Йемен Президенттік Кеңесі Иран қолдайтын хоуситтермен бейбітшілік талпыныстары «сәтсіз аяқталды» деп мәлімдеді.

Йеменнің ресми агенттігі «SABA» Йемен Президенттік Кеңесіне қарасты Келіссөз комиссиясы төрағасы Мұхаммед әл-Гайсидің мәлімдемелеріне орын берген.

Гайси хоуситтердің ымырасыздығы салдарынан бейбітшілік талпыныстарының тығырыққа тірелгенін және хоуситтердің Йеменнің әртүрлі аймақтарында қауіпті «әскери шиеленістерге» себеп болғанын мәлімдеді.

Бұл жағдайдың шұғыл шешімдерді қажет ететін нағыз бір апаттың хабаршысы екенін атап көрсеткен Гайси хоуситтердің бұл ұстанымының экономикалық және гуманитарлық жағдайды нашарлатуы мүмкін екенін ескертті.

Хуситтер болса тақырыпқа қатысты әзірге мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар