БҰҰ балама жол іздестіреді

БҰҰ мәлімдеме жариялады.

2013212
БҰҰ балама жол іздестіреді

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украина мен Ресейден астық экспортын жүзеге асырудың барлық мүмкін жолдарын іздестіруді жалғастыратындарын біддірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Ресей Қаратеңіз астық дәлізі келісімін тоқтатқанын жариялағаннан кейін әртүрлі бастамалардың алға шыққанын, тараптардың қауіпсіз және ыңғайлы жолдарды анықтау үшін бас қосуы керектігін айтты.

Дюжаррик Ресейдің тоқтау туралы ақпарат беру үшін жіберген хатында Қаратеңіздегі навигациялық кепілдіктерді де алып тастағанын ашық айтқанын еске салды.

Украина мен Ресей астығының жаһандық нарыққа оң әсерін елемеуге болмайтынына назар аударған Дюжаррик “БҰҰ Бас хатшысы Украина мен Ресей астығын экспорттауға мүмкіндік берудің барлық мүмкін жолдарын іздестіруді жалғастырады” деді.



Ұқсас жаңалықтар