НАТО – Украина комиссиясының жиналысы өтті

Жиналысқа президент Ердоған да қатысты.

2010426
НАТО – Украина комиссиясының жиналысы өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО саммиті аясында ұйымдастырылған НАТО – Украина комиссиясының мемлекет және үкімет басшылары жиналысына қатысты.

Президент Ердоған Литваның астанасы Вильнюстегі отырыс өтетін залға Албания премьер-министрі Эди Рамамен бірге барды.

Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен біраз уақыт сөйлесті. Залға кірген Украина президенті Владимир Зеленскиймен де қол алысып амандасты.

НАТО-Украина комиссиясының мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар