Жапониядағы толассыз жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Су тасқынында жоғалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

2009519
Жапониядағы толассыз жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Жапонияның оңтүстік батыс уәлаяттарына әсер еткен нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 5-ке жетті.

Жапония Метеорологиялық агенттігі (JMA) елдің оңтүстік батыс аймақтарында аптаның соңынан бері толассыз  жаңбыр себепті ескертулерін жалғастыруда.

Фукуока мен Сага уәлаяттарына қоса, аймақта жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 5-ке өсті, 3 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

JMA-ның ескертулері нәтижесінде жергілікті әкімшіліктер он мыңдаған адамды эвакуациялауды талап етті.

Көшкін мен су тасқыны туралы ескертуін жалғастырған агенттік жауын-шашынның апта ішінде Жапон теңізі аймағына қарай бағыт алатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар