Ресейдің Краматорск қаласына шабуылында 12 кісі мерт болды

Ресей армиясының Краматорск қаласындағы мейрамханаға жасаған зымырандық шабуылында жараланғандар санының 65 адамға жеткені атап өтілді.

2005526
Ресейдің Краматорск қаласына шабуылында 12 кісі мерт болды

Украина Ішкі істер министрлігі 27 маусымда Ресей армиясының Краматорск қаласындағы мейрамханаға жасаған зымырандық шабуылынан қаза тапқандар саны 12 кісіге жеткенін хабарлады.

Министрліктің әлеуметтік медиа парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ресей әскерлерінің Донецк облысындағы Краматорск қаласында бір мейрамхананы атуы салдарынан болған апатта басталған іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғаны білдірілді.

Екі күнге созылған іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде мейрамхананың қирандыларынан 4 адамның мәйітінің шығарылғанына назар аударылған мәлімдемеде «Осылайша қаза тапқандар саны 12 кісіге жетті. Олардың аты-жөні толық анықталды» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуылда жараланғандар санының 65 адамға жеткені атап өтілді.

Краматорск қалалық кеңесінің интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде Ресей армиясының зымырандық шабуылынан қаза тапқандар үшін қалада 30 маусым мен 1-2 шілде күндері аза тұту жарияланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар