Путин армия өкілдеріне үн қатты

Путин: «Елімізде азаматтық соғыстың алдын алдыңыз».

2004686
Путин армия өкілдеріне үн қатты

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» күштерінің көтерілісінде міндет атқаратын сарбаздар мен тәртіп сақшыларына үн қатты «Сіз азаматтық соғыстың алдын алдыңыз» деді.

Путин президент сарайында (Кремль) көтерілісті басуға қызмет етіп жатқан сарбаздарға қоса қауіпсіздік қызметі және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бас қосты.

Путин осы кездесу кезінде қорғаныс және қауіпсіздік күштеріне арнап «Елімізде азаматтық соғыстың алдын алдыңыз» деді.

Олардың батылдығы мен орыс халқына деген адалдығы үшін алғыс білдірген Владимир Путин «Көтеріліс кезінде сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, қоғам көрсеткен ынтымақтай шешуші болды.

Путин көтеріліс кезінде қаза тапқан ресейлік тікұшақ ұшқыштарының елін қорғау міндетін орындағанын айтып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алуды талап етті.

Путин сондай-ақ көтерілісті басу үшін Украинадағы күштерінен Ресейге қосымша күш жіберілуіне қажеті жоқ екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар