Сербияда халық президент Вучичтің отставкаға кетуі талабымен шеруге шықты

Белградта халық қайтадан шеруге шықты.

2004198
Сербияда халық президент Вучичтің отставкаға кетуі талабымен шеруге шықты

Сербияда президенті Александр Вучичтің отставкаға кетуін талап еткен халық шеруге шықты.

Белградта «зорлық-зомбылыққа қарсы» мыңдаған адам Вучичтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылық шеруі өткізді.

Бас қаладан басқа 20-ға жуық қалада болса үкіметке қолдау көрсетіп, зорлық-зомбылыққа итермелеумен айыпталған БАҚ өкілдері де протест етілді.

Оппозициялық партия өкілдері де қатысқан шерулерде президент Вучичке қоса қауіпсіздік күштері мен БАҚ мекемелерінің басшыларының да отставкаға кетуі талап етілді.

Вучичті «авторитаризммен» айыптаған шерушілер үкіметке жақын таблоидтық БАҚ-ты «өшпенділік тудырып, зорлық-зомбылықты ынталандырумен» айыптады.

Шерушілер айыптағандары «Pink TV» және «Happy TV» телеарналарының хабар тарату лицензияларын жою және реалити-хабарлардың да тоқтатылуын талап етуде.

Сербияны дүр сілкіндірген қарулы шабуылдардың артынан қылмысты мадақтайтын реалити-шоуларға наразылықтар айтарлықтай артты.

Еш себепсіз зорлық-зомбылыққа итермелейтін «реалити-шоу» форматындағы бағдарламалар елде соңғы апталарда болған қарулы шабуылдардың артынан наразылық тудыра бастады.

Сербияда мамыр айының бірінші аптасында болған екі бөлек қарулы шабуылда 18 адам қаза тапқан еді.

Шабуылдардан кейін Ішкі істер министрлігі тарапынан басталған қарусыздандыру науқаны аясында бір ай ішінде шамамен 85 000 тіркелмеген қару-жарақ қауіпсіздік күштеріне тапсырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар