Қытайдағы жарылыста 31 адам қаза тапты

Қытайдың Ниншя-Хуэй автономиялық аймағының орталығындағы мейрамханада газ жарылып, 31 адам қаза тапты.

2003020
Қытайдағы жарылыста 31 адам қаза тапты

Кеше кешке Ниншя-Хуэй автономиялық аймағының Иньчуань қаласындағы бір мейрамханасында жарылыс болды.

Оқиға салдарынан 31 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.

Қытай лауазым иелері 3 күнге созылатын «Айдаһар қайық фестивалі» алдында болған жарылыстың ас үйдегі газдың шығуынан болғанын мәлімдеді.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин кінәлілерді заң алдында жауапқа тартуға күш салуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар