Мексикадағы аптап ыстықтан 37 адам көз жұмды

Мексикадағы соңғы аптап ыстықтан қайтыс болған адам саны 37-ге жетті.

2002502
Мексикадағы аптап ыстықтан 37 адам көз жұмды

Мексика баспасөзіндегі хабарға қарағанда, әсіресе елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында рекордтық температуралар салдарынан адам шығыны тез артып келеді.

Маусым айының басынан бері күшейген қатты аптап 37 адамның өмірін қиды.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімдемеде ел бойынша 426 адамның күннің ыстығынан ауруханаларға жүгінгені, кейбірінің жағдайы ауыр екені айтылған.

Мәлімдемеде елдің Веракрус штатында ауа температурасының  43 градусқа жеткені және 14 адамның көз жұмғаны білдірілген мәлімдемеде , Табаско штатында 8 адам, Оаксака, Тамаулипас және Коахуила штатында 3 адам, Сонора, Сан-Луис Потоси және Синалоа штаттарында 2 адам қайтыс болғаны айтылды.

Ұлттық метеорологиялық қызметі елдегі аптап ыстықтың тағы 10-15 күнге созылатынын хабарлай отырып, созылмалы науқастарға міндетті болмаса, белгілі бір сағаттарда сыртқа шықпауға кеңес берді.



Ұқсас жаңалықтар