Батыс Шерияда тағы бір 15 жасар қыз көз жұмды

Израиль әскерлері жасаған шабуылда ауыр жарақат алған 15 жастағы Седил Нагнагийе қайтыс болды.

2002341
Батыс Шерияда тағы бір 15 жасар қыз көз жұмды

Израиль армиясының басып алынған Батыс Шериядағы Дженин қаласына жасаған шабуылында тағы бір 15 жасар қыз көз жұмды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда 19 маусым күні Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласына Израиль әскерлері жасаған шабуылда ауыр жарақат алған 15 жастағы Седил Нагнагийе қайтыс болды.

Осылайша Дженин шабуылында Израиль күштері өлтірген палестиналықтардың саны 7-ге жетті.

Израильдің жаулау астындағы Батыс Шерия мен  Газа секторына жасаған қанды  шабуылдары кесірінен жыл басынан бері қаза тапқан палестиналықтардың саны 174-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар