БҰҰ Ресейге үндеу тастады

Денис Браун «Біз Ресей билігін халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттерін орындауға  шақырамыз» деді.

2001252
БҰҰ Ресейге үндеу тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресейді Каховка бөгеті жарылғаннан кейін қажетті гуманитарлық көмекті жеткізу үшін бақылауындағы аймақтарға кіруге рұқсат беруге шақырды.

БҰҰ-ның Украинадағы гуманитарлық үйлестірушісі Денис Браун 6 маусымда Украинадағы Каховка бөгеті жарылғаннан кейін гуманитарлық көмекті тиімді жеткізуде Украина және Ресей үкіметтерімен ынтымақтасқандарын мәлімдеді.

«Ресей Федерациясы үкіметі осы уақытқа дейін өзінің уақытша әскери бақылауындағы аймақтарға кіру туралы өтінішімізді қабылдамады» деген Браун БҰҰ-ның жәрдем жеткізу үшін талпыныстарын жалғастыратындарын білдірді.

Браун «Біз Ресей билігін халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттерін орындауға  шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар