Украинаның Каховка қаласынан эвакуациялау жалғасып жатыр

Каховка Су электр станциясының жарылуына байланысты су астында қалған 45-тен астам елді мекеннен бейбіт тұрғындарды құтқару жұмыстары жалғасуда.

1999535
Украинаның Каховка қаласынан эвакуациялау жалғасып жатыр

Украинадағы Каховка бөгеті мен Су электр станциясының жарылысынан кейін су тасқынынан зардап шеккен аудандардан Одесса қаласына бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Өткен аптада Каховка Су электр станциясының жарылуына байланысты су астында қалған 45-тен астам елді мекеннен бейбіт тұрғындарды құтқару жұмыстары жалғасуда.

Осы уақытқа дейін 2700-ден астам адам эвакуацияланған аймақтан бейбіт тұрғындардың бір бөлігі ұйымдасқан топпен автобустармен Одессаға жеткізілсе, қалған бөлігі елдің түкпір-түкпіріндегі аймақтарға жолданды.

Күніне 100-ге жуық адам жеткізілген Одессада азаматтар жатақхана мен қонақүйлерге орналастырылған. Мұнда эвакуацияланғандарға күнделікті қажетті заттар мен қаржылай көмек көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар