Нигерияда тойдан оралғандар мінген қайық суға кетті
Қайықтың Нигер өзенінде бір ағашқа соғылуы салдарынан ондаған адам қаза тапты.
Нигерияның Нигер уәлаятында тойдан оралғандар мінген қайықтың суға кетуі салдарынан ондаған адам қаза тапты.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша Нигер уәлаятында үйлену тойынан оралған адамдар Квара уәлаятынан қайыққа мінген.
Қайықтың Нигер өзенінде бір ағашқа соғылуы салдарынан ондаған адам қаза тауып, көбісі із-түссіз жоғалды.
Квара уәлаяты губернаторы АбдулРахман АбдулРазак көптеген адам қаза тапқан қайғылы оқиғаның артынан көңіл айтты.
АбдулРазак апатта жоғалғандардың аман қалғанын тілеп, құтқару жұмыстарының жалғасқанын атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Блинкен Вашингтонда БҰҰ Бас хатшысы Гутеррешті қонақ етті
Блинкен мен Гутерреш кездесуде Газада дереу атысты тоқтатудың маңыздылығы туралы келісті.
Израиль АҚШ-тан жаңа әскери ұшақтарын сатып алады
Израиль Қорғаныс министрлігі АҚШ-тан 25 дана «F-35» сатып алу келісіміне қол қойды.