Ресейдің шабуылдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті

Кемінде 3 адам қаза тауып, 25 адам жараланды.

1998777
Ресейдің шабуылдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті

Ресейдің Украинаның Кривой Рог қаласына түнде жасаған ауқымды зымырандық шабуылында бейбіт тұрғындар тұратын пәтерге соққы енді, кемінде 3 адам қаза тауып, 25 адам жараланды.

Кривой Рог мэрі Александр Вилкуль Ресей шабуылдарынан көптеген ғимарат зардап шеккенін мәлімдеді. Бес қабатты ғимарат қирап, 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 25 адам жарақат алды.

Украина астанасы Киевке де әуе шабуылы жасалды.

Украина армиясы Киевке ұшырылған барлық зымырандардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы тойтарылғанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресейдің 17 шілдеде Қаратеңіз астық дәлізі келісімінен шығатынына алаңдағанын білдірді.

Ресей мен Украина өткен жылы Түркия мен БҰҰ-ның араағайындығымен астық дәлізі туралы келісімге қол қойып, Украинаға Қаратеңіздегі Ресей бұғаттаған порттардан астық экспорттауға мүмкіндік берілген еді. Мәскеу енді астық пен тыңайтқыш тасымалдаудағы кедергілер жойылмаса, келісімнен шығатынын хабарлап отыр.

Гутерриш кеше журналистерге «Мен алаңдап отырмын, біз Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімнің сақталуына көз жеткізу және сонымен бірге Ресей экспортын жеңілдету  үшін жұмыстанып жатырмыз», - деді.



Ұқсас жаңалықтар