Пәкістанның Синд қаласы жағалау аймағында эвакуациялау басталды

Бадин аймағының ауылдарынан 50 мың адамның эвакуацияланатыны хабарланды.

1998563
Пәкістанның Синд қаласы жағалау аймағында эвакуациялау басталды

Пәкістанға жақындап келе жатқан Бипарджой циклонының салдарынан Синд қаласының жағалауында эвакуация жұмыстары басталды.

«Geo News» телеарнасының хабарына қарағанда уәлаят әкімшілігі осы уақытқа дейін Шах Бандар аралынан 2 мың адамды эвакуациялап, қауіпсіз аймақтарға орналастырды.

Лауазымдылар циклондық дауылдың ықпал етуі болжалған Бадин аймағының ауылдарынан 50 мың адамның эвакуацияланатынын хабарлады.

Карачи жағалау жолы да халықтың теңізге шығуына жол бермеу үшін көлік қозғалысына жабылды.

Циклондық дауыл Пәкістанның жағалау бөлігіне 15 маусым күні әсер етеді.



Ұқсас жаңалықтар