НАТО-ның «Air defender 2023» оқу-жаттығуы басталды

Германия Әскери әуе күштері басшылығында 23 маусым күніне дейін жалғасады.

1998652
НАТО-ның «Air defender 2023» оқу-жаттығуы басталды

Германия Әскери әуе күштерінің ұйымдастырды «НАТО тарихындағы ең үлкен әуе жаттығуы» деп аталған «Air Defender 2023» басталды.

Неміс ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Неміс Әуе күштеріне тиесілі «A400M» жүк ұшағының Төменгі Саксониядағы Вунсторф Әуе базасынан көтерілуімен басталды.

23 маусым күніне дейін жалғасатын жаттығуға араларында Түркия да бар 25 елден 250 соғыс ұшағы мен шамамен 10 мыңға жуық әскери қызметкер қатысуда.

Ел көлемінде Германия Әскери әуе күштеріне тиесілі барлық базалары жаттығу бойынша пайдаланады.

Маусым айының ортасындағы оқу-жаттығу себепті Германияның оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында арнайы әуе кеңістігі анықталды. Еуропалық әуе кеңістігіндегі көптеген азаматтық рейстердің бағытының да өзгертілетіні айтылған.

Германия Әскери әуе күштері ұйымдастырған оқу-жаттығуда Одақ әуе қорғанысының әлеуетін сақтау, ауа кеңістігінде мықты бас тартқызушы күш екенін сездіру және Атлант мұхитының екі жағында одаққа мүше елдердің өзара үйлесімділігін нығайтуды көздейді.



Ұқсас жаңалықтар