АҚШ Украинаға қомақты көмек көрсетеді

Пентагон Украинаға 2,1 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететінін хабарлады.

1997875
АҚШ Украинаға қомақты көмек көрсетеді

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы аясында Украина армиясының әуе қорғанысы мен оқ-дәрі мүмкіндіктерін арттыру үшін 2,1 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететінін хабарлады.

Пентагоннан жасалған жазбаша мәлімдемеде «Әскери көмек пакеті Америка Құрама Штаттарының Украинаға толық қолдауының бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар әскери көмек пакетінің жақын болашақта Украина армиясының мүмкіндіктерін жақсарту және қорғауға көмектесуді мақсат еттік» делінді.  

Мәлімдемеде АҚШ серіктестерімен бірге Украинаға қысқа және ұзақ мерзімді перспективада қолдау көрсетуді жалғастыратыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар