Йенс Столтенберг Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады
3 маусым күні президент Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысатын Столтенберг президент Ердоғанмен қатар Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларымен екі жақты кездесулер өткізеді.
1994649
![Йенс Столтенберг Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/5d2a/f2e3/ac60/642d18e6254ad.jpg?time=1718680151)
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг 3-4 маусымда Түркияға келіп, президент Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады және жоғары деңгейде келіссөздер жүргізеді.
НАТО мәлімдемесіне қарағанда Столтенберг 3-4 маусымда бас қала Анкараға келеді.
3 маусым күні президент Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысатын Столтенберг президент Ердоғанмен қатар Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларымен екі жақты кездесулер өткізеді.
Столтенберг мәлімдемесінде Түркиядағы сайлаудан кейін Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы диалогты қайта бастауды қалайтынын және мәселені талқылау үшін Анкараға келетінін білдірді.