Судандағы босқындардың саны 1,6 миллионнан асты

Суданда 6 аптаның ішінде 1,6 миллионнан астам адам баспанасыз қалды.

1993816
Судандағы босқындардың саны 1,6 миллионнан асты

Судан армиясы мен Жедел қолдау күштері (ЖҚК) арасында 15 сәуір күні басталған қақтығыстар себепті үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адам саны 1,6 миллионнан асты.

Халықаралық көші-қон ұйымы жариялаған есеп бойынша соңғы 6 аптада қақтығыстар мен қауіпті ортаға байланысты ел ішінде 1,2 миллион адам қоныс аударса, көрші елдерді 425 мың адам паналаған.

Елдегі ең көп қашқындар 69 пайызбен бас қала Хартумда болды. Бұл қаладан кейін 20 пайыздық көрсеткішпен Дарфурдың батысы келеді.

Көрші елдерді паналағандар ең көп Египет, Чад және Оңтүстік Суданға барды.

Қақтығыстар себепті гуманитарлық көмектер кешіккен елде азық-түлік, баспана мен медициналық жәрдемдерге қажеттілік артты.

Бірнеше рет атысты тоқтату келісімі жарияланғанына қарамастан, тараптар әртүрлі аймақтарда қақтығыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар