Сомали армиясы 30 содырды залалсыздандырды

Сомали армиясы Әл-Шабаб террор ұйымының әскери базаға жасаған шабуылын тойтарып, 30 содырды залалсыздандырды.

1993303
Сомали армиясы 30 содырды залалсыздандырды

Сомали ақпарат министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, содырлар Галгадуд аймағындағы Масагава қаласындағы әскери базаға шабуыл жасаған.

Жергілікті күштердің қолдауымен Сомали армиясы шабуылға тойтарыс беріп, кемінде 30 террористті өлтірді.

Қақтығыс кезінде үш сомалилік сарбаз жараланды.

Сомали армиясының Әл-Шабаб террор ұйымына  қарсы өткен жылы бастаған кең ауқымды операцияларында азат етілген Масагава қаласына Эритреяда дайындалған сарбаздар орналастырылған.

 



Ұқсас жаңалықтар