Ұшақ апатында екі француз турист қаза тапты

Тунисте жеңіл екі ұшақ құлады.

1992259
Ұшақ апатында екі француз турист қаза тапты

Тунисте жеңіл екі ұшақ құлады. Екі француз турист қаза тапты.

Тунис Азаматтық қорғаныс мекемесі елдің оңтүстігіндегі шөл аймағында Тузер қаласында екі ұшақ құлағанын,  ұшақтардың бірінің толығымен өртеніп кеткенін және ішіндені екі адамның қаза тапқанын білдірді.  екінші ұшақтағы екі кісі жарақат алған.

Жарақат алған және қаза тапқандар француз туристер екені білдірілді.

Мәлімдемеде «Сенбі күні хабарсыз кеткен екі ұшақ үшін іздеу басталды.  Әуе күштерінің тікұшағы ұшақтардың қалдығын тапты» деп айтылды.

Жаралы азаматтар Тузер Мемлекеттік ауруханасына жеткізілген.



Ұқсас жаңалықтар