Тырысқақтан қайтыс болғандар саны артты

Үкімет аймақтағы су көздерінің тексеруден өткенін, алайда ешбір су көзінде тырысқақ табылмағанын білдірді.

1991102
Тырысқақтан қайтыс болғандар саны артты

Оңтүстік Африка Республикасының әкімшілік орталығы Претория төңірегіндегі тырысқақ індетінде қаза тапқандар саны 20-ға жетті.

Гаутенг штаты Денсаулық сақтау бөлімінің деректеріне қарағанда, соңғы кездері Преторияның солтүстігіндегі Хамманскраал аймағындағы індетте қазірге дейін тырысқақ анализи позитив шыққан 29 адамның 20-сы қайтыс болған. Осы аймақта тырысқақ белгілері бар 179 адам емделіп жатыр.

Үкімет аймақтағы су көздерінің тексеруден өткенін, алайда ешбір су көзінде тырысқақ табылмағанын білдірді.

Ұлттық Жұқпалы аурулар институты тырысқақтың ерекше белгісінің іш өту екенін, барлық іш өту оқиғасының тырысқақ күдігімен емделуі керектігін хабарлады. «Вибрио» бактериясы себеп болатын, азық және су арқылы жұғатын тырысқақ іш өткізіп, денедегі суды азайтады.

Емделмесе осы ауру адамды өлімге дейін апарады.



Ұқсас жаңалықтар