Италияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті

«ANSA» ақпарат агенттігі Луго қаласында жоғалған адамның жансыз денесінің табылғанын білдірді.

1990050
Италияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті

Италияның Эмилия Романья аймағында өткен аптада толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынында қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

Италиялық «ANSA» ақпарат агенттігіне қарағанда өткен аптада аймақтағы су тасқынынан ең көп зардап шеккен жерлердің бірі Лугода жоғалған адамның жансыз денесі табылды.

17 мамыр күнінен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 68 жастағы ер адамның мәйітін Италия жандармериясының тапқаны хабарланды.

Осыған қарағанда апаттан қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

Екінші жағынан аймақта қатты жаңбыр болуы мүмкін деген ескертумен «қызыл дабыл» ережесі жалғасуда.

Тасқын суы тартылған қалалар мен елді мекендерде жергілікті тұрғындардың тазалық жұмыстары мен залалды анықтау кезеңі жалғасуда.

Су тасқынына байланысты премьер-министр Джорджия Мелони бастаған оңшыл коалиция үкіметі су басқан аймақтардың қажеттіліктері үшін 2 миллиард еуродан астам қаржы бөлуге шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар