Владимир Зеленский Донецктегі әскерлерді көруге барды

Владимир Зеленский сапары барысында украиналық кейбір жауынгерлерге мемлекеттік медаль берді.

1989794
Владимир Зеленский Донецктегі әскерлерді көруге барды

Украина президенті Владимир Зеленский Донецк облысындағы украин әскерлеріне барды.

Украина президенттігінің ресми сайтындағы мәлімдемеге қарағанда Зеленский бүгін атап өтілетін Теңіз жаяу әскері корпусы күніне орай Донецк облысындағы Маринка және Угледар қалалары бағытында Украина армиясының алдыңғы позицияларындағы сарбаздармен кездесті.

Қолбасшылардан майдандағы оқиғалар туралы ақпарат алған Зеленский украиндық теңіз жаяу әскерлерінің жауға қарсы тиімді соғысып жатқанын айтты.

Президент Зеленский:

«Сондықтан бүгіннен бастап біз теңіз жаяу әскерінің әлеуетін айтарлықтай арттырып, Теңіз жаяу әскері корпусын жасақтап жатырмыз» деді.

Владимир Зеленский сапары барысында украиналық кейбір жауынгерлерге мемлекеттік медаль табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар