Ауғанстандағы тікұшақ апатында 2 ұшқыш қаза тапты

"МД-530" типті әскери тікұшақтың Хулм ауданы  маңында құлағаны және екі ұшқыштың  қаза тапқаны хабарланды.

1988884
Ауғанстандағы тікұшақ апатында 2 ұшқыш қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты.

Талибан уақытша үкіметінің Қорғаныс министрлігі осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятының орталығы Мазари-Шарифтен Саманган уәлаятына қарай бет алған "МД-530" типті әскери тікұшақтың Хулм ауданы  маңында құлағаны және екі ұшқыштың  қаза тапқаны хабарланды.

Мәлімдемеде тікұшақтың электр бағанасына соғылуы салдарынан апатқа ұшырағаны және оқиғаның егжей-тегжейлері тексерілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар