Нигериядағы шабуылда қаза тапқандар саны 87-ге жетті

Плато уәлаятының полиция мәлімдемешісі Алабо Альфред мәлімдеме жасады.

1988724
Нигериядағы шабуылда қаза тапқандар саны 87-ге жетті

Нигерия полициясы Плато уәлаятында 15 мамыр күні жасалған қарулы шабуылдарда 87 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Плато уәлаятының полиция мәлімдемешісі Алабо Альфред 15 мамыр күні Фунгзай және Кубват ауылдарына жасалған шабуылдарда 87 адамның қаза тапқанын және 39 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Жаралылардың уәлаяттың әртүрлі аймақтарындағы ауруханаларда емделіп жатқанын атап көрсеткен Альфред шабуылға қатысы бар 7 адамның ұсталғанын білдірді.

Альфред қамауға алынғандардың қажетті тергеу жұмыстары аяқталған соң сотқа жіберілетінін мәлімдеді.

Плато қаласының Фунзай және Кубват ауылдарына 15 мамыр күні түнгі уақытта қарулы шабуылдар жасалды.

Мвагавул өркендеу қауымдастығының төрағасы Джозеф Гванкат шабуылдарда 125 адамның қаза тапқанын жариялады.

Ұлттық баспасөздегі хабарларда 20 мыңға жуық адамның үйлерін тастап, шіркеулер, мектептер мен ашық алаңдарды паналағаны атап көрсетілді.

Шабуылдардың артынан уәлаятта зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін 24 сағаттық коменданттық сағат жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар