Польшаға кірген Украиналық саны 12 миллионнан асты

Кеше Украинадан Польшаға 22 мың адамның кіргені хабарланды.

1987605
Польшаға кірген Украиналық саны 12 миллионнан асты

16 мамырда Украинадан Польшаға өткен босқындар саны шамамен 12 миллион болса, елден басқа елдерге кеткендер саны 10 миллионнан асты.

Польша Шекара басқармасының Twitter-дегі парақшасында жарияланған жазбада Украина-Ресей соғысы басталған 2022 жылдың 24 ақпанынан бері көші-қоннның артқаны еске салынды.

Кеше Украинадан Польшаға 22 мың адамның кіргені хабарланды.

"Соғыс басталғаннан бері Украинадан Польшаға өткендердің саны 11 миллион 911 мыңнан асты» деп жазылды.

Польшадан кеткен украиндардың жалпы саны 10 миллион 119 мың кісі болғаны тіркелді.

Украинадан Польшаға өткендердің 80 пайыздан астамы әйелдер мен балалар.

Қазір Польшада 1 миллионнан астам украиндық тіркеуде.

Украиндықтардың 80 пайызы Польша қоғамының өздеріне деген көзқарасы оңды деп санайды, бірақ босқындар жағдайына поляктардың көзқарасы әртүрлі. Украиналық босқындар көмекке мұқтаж деп есептейтіндердің үлесі соғыс басталғалы 84 пайыздан 50 пайызға дейін төмендеді.

Польшадағы украиндардың 74 пайызы еліне қайтуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар