Украина кейбір Ресей жасақтарын  ығыстырды

Зеленский Украина Қарулы Күштерінің елдің шығыс майданында кейбір Ресей жасақтарын  ығыстырғанын хабарлады.

1985783
Украина кейбір Ресей жасақтарын  ығыстырды

Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы Күштерінің елдің шығыс майданында кейбір Ресей жасақтарын  ығыстырғанын хабарлады.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Бас қолбасшы штабының отырысын өткізгендерін айтты.

Жиналыста Украина Құрлық және Шығыс күштерінің қолбасшысы Александр Сирскийдің сөз сөйлегенін атап өткен Зеленский «Үлкен күш-жігермен жауды тоқтатқан және тіпті кейбір бағыттарда кері ығыстырған Сирскийдің рапортын естідік» деген сөздер қолданды.

Зеленский кездесуде Таврия, Одесса және Солтүстік облыстардың қорғаныс күштері қолбасшыларының да тиісті майдандардағы жағдай туралы хмағлұмат бергенін және бұл аймақтардың бақылауда екенін атап өтті.

Кездесуде Украина армиясының бірінші кезектегі қажеттіліктерін анықтағандарына назар аударған Зеленский «Біз жаңадан құрылған бригадаларды техникамен және оқ-дәрімен жабдықтау туралы ақпарат алдық» деп көрсетті.

Украина президенті Зеленский оқ-дәрілер мен зымырандарды жеткізу бойынша барлық ұзақ мерзімді келісімдерді де бақылайтындарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар