Польша Калининградтың атын өзгертті

Польша Калининград атауын «Крулевец» деп қолдануға шешім қабылдады.

1984874
Польша Калининградтың атын өзгертті

Польша Ресей территориясындағы Калининград атауын «Крулевец» деп қолдануға шешім қабылдады.

«Польша Республикасынан тыс жерлердегі географиялық атауларды стандарттау комитеті» Ресейдің Балтық теңізі жағалауындағы Калининград атауын поляк тілінде «Крулевец» ретінде пайдалану туралы шешім қабылдады.

Комитеттің жазбаша мәлімдемесінде аталмыш шешімнің 12 сәуірде өткен отырыста қабылданғаны және түзетудің 9 мамырдан бастап күшіне енгені атап өтілді.

Калининградтың орысша атау екеніне назар аударылған мәлімдемеде "Әкімшіліктің атауы - Калининград облысы және Калининград облысы атауын поляк тілінде қолдану ұсынылмайды. Қазір орыс тілінде Калининград деп аталса да, дәстүрлі түрде Польшада Крулевец деген атпен белгілі” деп айтылды.

Калининград атауының қала мен облысқа еш қатысы жоқтығына тоқталған мәлімдемеде «Польша шекарасына жақын үлкен аумаққа поляктарды жаппай өлтіру туралы шешім қабылдауға жауапты қылмыскер Михаил Калинин атының берілуі Польшаға жағымсыз әсер етеді» деп айтылды.

Польша мен Литва шекарасында орналасқан Ресей территориясы Калининград поляк тарихында Крулевец, неміс тарихында Кенигсберг деген атпен белгілі.



Ұқсас жаңалықтар