Еуроодақ Израильдің шабуылдарына алаңдап отыр

Еуропа Одағы Израильдің Газадағы бейбіт тұрғындардың қазасына себеп болған шабуылдарына алаңдайтынын мәлімдеді.

1984585
Еуроодақ Израильдің шабуылдарына алаңдап отыр

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің кеше жасаған әуе шабуылынан кейін Газада шиеленістің күшеюіне Еуроодақтың қатты алаңдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде «ЕО бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалардың қаза тапқанына қатты қайғыруда және халықаралық гуманитарлық құқықты құрметтеуге шақырады» деген сөздер қолданды.

Мәлімдемеде барлық тараптарды барынша ұстамдылық танытып, тыныштық пен аймақтық тұрақтылық үшін жұмыс істеуге шақырды.

Израиль армиясының кеше таңертең Газаға жасаған әуе шабуылында арасында балалар мен әйелдер де бар 15 палестиналық қаза тауып, 22-сі жараланған еді.



Ұқсас жаңалықтар