Блинкен Түркияға алғыс айтты

Энтони Блинкен Түркия мен Гутеррешке Қаратеңіз астық дәлізін қайта ашуға күш салғаны үшін алғысын білдірді.

1984586
Блинкен Түркияға алғыс айтты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутеррешке Қаратеңіз астық дәлізін қайта ашуға күш салғаны үшін алғысын білдірді.

Блинкен бас қала Вашингтонға барған Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлимен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесуде Украина-Ресей соғысы, Қытаймен бәсекелестік, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылағандарын айтқан Блинкен «Қаратеңіз астық бастамасының ауқымын кеңейту және жалғастырудың шұғыл қажеттілігін де талқыладық» деді.

Блинкен «Соңғы күндері Ресей кемелердің Украина порттарына баруына жол бермеу арқылы әлемдік нарыққа, Африка, Таяу Шығыс және Таяу Шығыстағы азық-түлікке мұқтаж адамдарға жететін азық-түлік көлемін қысқарту сынды әрекетке қайта оралды. Біз БҰҰ Бас хатшысына және Түркиядағы әріптестерімізге тығырықтан шығуға талпыныс жасағаны үшін алғыс айтамыз. Мәскеудің Украинаға қарсы соғысында адамдардың аштығын қару ретінде пайдаланбауды әлем елдері бірнеше апта сайын еске салуға міндетті емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар