Италия Украинадағы азаматтарына ескерту жасады

Италия елшілігі өз азаматтарына Украинадан дереу кетуге кеңес берді.

1984226
Италия Украинадағы азаматтарына ескерту жасады

Италия елшілігі Ресейдің зымырандық шабуылдарының күшеюіне байланысты өз азаматтарына Украинадан дереу кетуге кеңес берді.

Елшілік өз сайтында хабарлама жариялады. «Қазір Украинада жүрген азаматтарға қолжетімді көлік, соның ішінде пойызды пайдалана отырып, елден дереу кетуге және аса сақтық танытуға кеңес беріледі. Украинаға кез келген жағдайда саяхаттауға қатаң тыйым салынады” деп айтылған хабарламада.

Украина дүйсенбі күні таңертең Ресейдің шабуыл жасағанын хабарлап,  Киевте 35 камикадзе ұшағын атып түсіргенін жариялаған болатын.

Ресей Әскери-әуе күштерінің бомбалаушы ұшақтары Одесса облысы бағытында сегіз зымыран ұшырғаны хабарланды. Запорожье қаласымен қоса Чернигов және Днепропетровск облыстарында да жарылыс болды деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар