Украина Ресейдің ұшқышсыз әуе аппараттарын атып түсірді

Украина Қарулы Күштері Ресейдің 35 ұшқышсыз әуе аппаратын атып түсірді.

1983904
Украина Ресейдің ұшқышсыз әуе аппараттарын атып түсірді

Украина Қарулы Күштері кеше түнде Ресейге тиесілі Иранда жасалған 35 ұшқышсыз әуе аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді.

Украина Қарулы Күштері тарапынан жасалған мәлімдемеде Ресейдің кеше түнде Карков, Херсон, Миколаев және Одесса қалаларын нысанаға алған 16 зымырандық шабуыл жасағанын, Украина күштеріне және елді мекендерге 61 әуе және 52 ауыр зымырандық шабуыл жасалғанын, сондай-ақ шабуылдарда  өлгендер мен жараланғандар болғанын хабарлады.

Киев мэрі Виталий Кличко ел астанасы Киевте кемінде 5 адамның жараланғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар