Мексикада банда басшысы ұсталды

Мексика полициясы шығанақ есірткі картелінің басшыларының бірі Уго Салинас Кортинасты тергеуге алды.

1981709
Мексикада банда басшысы ұсталды

Мексика полициясы шығанақ есірткі картелінің зорлықшыл «Metros» филиалының алдынғы қатарлы мүшелерінен «ешкі» лақапты Уго Салинас Кортинасты тергеуге алды.

Полиция жасаған мәлімдемеге қарағанда испан тілінен «ешкі» деп аударылатын «Ла-кабра» лақапты Кортинас 27 сәуір күні АҚШ-тың Техас шекарасы маңында тергеуге алынды.

Кортинасты тінту кезінде екі автомат пен фентанил екені анықталған 600 таблетка тәркіленді.

Техас шекарасында жұмыс істейтін Кортинастың полицияға қарсы 23 және әскери қызметкерлерге қарсы 9 шабуылға қатысқаны атап көрсетілді.

Жергілікті БАҚ-қа қарағанда 2021 жылы Кортинастың жұбайы полицияның оның үйін тінтуі кезінде қораптар мен сөмкелерде жасырылған 800 мың доллардан астам ақша тапқаннан кейін қамауға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар