Германия канцлері Суданда сенімді бітім керектігін білдірді

Ол эвакуациялық операциясына тоқталды.

1979264
Германия канцлері Суданда  сенімді бітім керектігін білдірді

Германия канцлері Олаф Шольц Судандағы жағдайды алаңдатарлық екенін және сенімді бітім керектігін білдірді.

Шольц «Судандағы жағдай алаңдатады. Тап қазір керек нәрсе – ел үшін сенімді бітім. Қарулы күштеріміз кешеден бері азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамдау үшін жұмыстануда. Баршаға табандылық үшін алғыс айтамын» деді.

Сонымен қатар Бельгияда да баспасөзге мәлімдеме жасаған Шольц неміс армиясының Судандағы эвакуациялау операциясын мақтады. «Бұл – қауіпті операция. Алайда еліміздің және басқа да елдердің азаматтарының қауіпсіздігі маңызды. Операция жалғасып жатыр. Бұл жақсы дайындалған операция. Осы елден кеткісі келетін азаматтарды қауіпсіз түрде шығару маңызды. Армиямызға алғыс айтамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар