Нигерияда менингиттен қайтыс болғандар саны артуда

Нигерияда биыл менингит індетінен қайтыс болғандар саны 118-ге жетті.

1978737
Нигерияда менингиттен қайтыс болғандар саны артуда

Нигерия Ауруларды бақылау орталығы (NCDC) жасаған мәлімдемеде 1 қаңтар күнінен бастап бас қала Абуджаға қоса 22 уәлаятта менингит індетінің таралып жатқаны білдірілді.

Мәлімдемеде осы кезеңде 1 479 күдік туғызған менингит оқиғасы байқалғаны және 235 сынаманың оң нәтиже бергені айтылды.

Індет салдарынан көз жұмғандар санының 118-ге жеткені білдірілген мәлімдемеде аурудың әсіресе 5-14 жасар өспірімдерге қатты әсер еткені атап көрсетілді.

Мидан бастап бүкіл ағзаны зақымдайтын менингит ауа арқылы жұғады.



Ұқсас жаңалықтар