Марокко Королі 1518 тұтқынды босатты
Марокко Королі 6-шы Мұхаммед Ораза айтқа орай тұтқындарға кешірім жариялады.
Марокко Королі 6-шы Мұхаммед Ораза айтқа байланысты түрмеде отырған 1518 адамға кешірім жариялады.
Марокко Әділет министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ораза айт мерекесіне орай әртүрлі қылмыспен сотталған немесе ұсталған 1518 адамға Марокко Королі 6-шы Мұхаммедтің рақымшылық жасағаны атап көрсетілді.
Марокко Королі өткен жылдың шілде айында болған Құрбан айт мерекесіне орай 979 тұтқынды босатқан болатын.
Марокко Ата заңының 58-бабына сай король тұтқындарға кешірім жасай алады.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.