Ким Чен Ын барлау жер серігі дайын екенін айтты

Сеул мен Инчхон қаласын ғарыштан көрсеткен сынақ жер серігінен түсірілген төмен ажыратымдылықтағы ақ-қара фотосуреттер жарияланды.

1977077
Ким Чен Ын барлау жер серігі дайын екенін айтты

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің алғашқы әскери барлау жер серігін ұшыруға барлық дайындық жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Солтүстік Кореяның ресми орталық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Солтүстік Кореяның Ұлттық аэронавтика және ғарышты дамыту басқармасына барған Ким Чен Ын «Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қолдана алатын зымырандарын тиімді пайдалануы үшін жұмыс істейтін әскери барлау жер серігіне ие болуы өте маңызды» деді.

Ким Чен Ын №1 әскери барлау жер серігінің жасалғанын және осы айдың соңына дейін жер серігін ұшыруға үміттеніп, билікке нұсқау бергенін мәлімдеді.

Елдің алғашқы әскери тыңшылық жер серігін ұшыру үшін барлық дайындықтардың аяқталғанын атап көрсеткен Ким Солтүстік Кореяның барлау қабілетін арттыру үшін бірнеше жер серігінің ұшырылуы керектігін мәлімдеді.

Солтүстік Корея 2022 жылдың 19 желтоқсанында алғашқы барлау жер серігін жасаудың соңғы кезеңі ретінде қарастырылатын сынақ жер серігін ұшырғанын жариялады.

Солтүстік Кореяның "KCNA" ақпарат агенттігі Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мен Инчхон қаласын ғарыштан көрсететін сынақ жер серігінен түсірілген төмен ажыратымдылықтағы ақ-қара фотосуреттерді жариялады.

Барлау жер серігі Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын 2021 жылдың басындағы партия жиналысында жариялаған алдыңғы қатарлы әскери технология өнімдерінің бірі болды. Олардың қатарында көп қарулы, қатты отынмен жұмыс істейтін ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар, су астынан ұшырылатын ядролық зымырандар және атомдық сүңгуір қайықтары болды.

 



Ұқсас жаңалықтар